429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колледж оқытушылары «Digital Akademy» компаниясында біліктіліктерін арттырады

  • 627
  • UPD: 15:27, 06.12.2019
Колледж оқытушылары «Digital Akademy» компаниясында біліктіліктерін арттырады

Биыл 9-13 желтоқсан аралығында елорда әкімдігінің және қала колледждерінің 18 қызметкері «Digital Akademy» компаниясының негізінде ғимараттарды ақпараттық моделдеу (BIM технологиялар) бойынша тренингке қатыса алады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда 3D модельдеу ақпарат саласындағы жалпы әлемдік трендке айналып отыр. Құрылыс саласында бұл тренд ғимараттарды ақпараттық үлгілеудің технологиялық платформасы Building Information Model (BIM) көмегімен жүзеге асырылады.

Осылайша, 9-13 желтоқсан аралығында елорда әкімдігінің және қала колледждерінің 18 қызметкері «Digital Akademy» компаниясында ғимараттарды ақпараттық моделдеу (BIM технология) бойынша тренингке қатысады. Курс спикерлері ретінде Финляндияның жетекші техникалық ЖОО Метрополия қолданбалы ғылымдар университеті оқытушылары сөз сөйлейді.  

Нұр-Сұлтан қаласының Политехникалық колледжі директоры Қасымхан Сенғазиев хабарлағандай, сандық жобалау саласындағы мамандардың сұранысқа ие болуына байланысты 2017 жылдан бастап оқу орнының базасында оқу процесіне сандық жобалау BIM технологияларын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Жобаның мақсаты – студенттердің өндірістің қазіргі жағдайларына дайындық деңгейін барынша жақындату, оқу-өндірістік қызметте әлеуметтік әріптестікті жетілдіру.

Хабар 24 телеарнасы