375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық ЖОО рейтингі жарияланды

  • 372
  • UPD: 15:23, 10.12.2019
Отандық ЖОО рейтингі жарияланды

Отандық жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының 73% жұмыс берушілердің талаптарына сай келмейді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрлігінің өкілі мәлімдеді. Ведомсвто тапсырмасымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салаға тәуелсіз бағалау жүргізген. Жоғарғы оқу орындары 17 критерий бойынша бағаланған. Оның ішінде, жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі және олардың орташа айлығы, оқу бітіргеннен кейінгі жұмыс іздеу ұзақтығы ескерілген. Нәтижесінде түлектердің 74% жұмысқа орналасатыны анықталған. Дегенмен, мамандар «кейбір жоғары оқу орындары сапалы білім беруге тырыспайды» деп алаңдауда. Олардың айтуынша, кей университеттер диплом басып шығарып, ақша табуда, өйткені қазір білімге емес, құжатқа сұраныс жоғары. Сондай-ақ еліміздегі білім беру бағдарламаларының тиімділігі де бағаланған.

Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары:

- Отандық білім беру жүйесі жұмыс берушілердің талаптарына сай келмейді. Қазақстандық кәсіпорындар  ауылшаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы салалаларына Ресей мен Украинаның мамандарын тартады. Олар айына 2 мыңна бастап 15 долларға дейін жалақы алады.  Рейтинг бұл салаларда қазақстандық түлектерге деген сұраныстың төмен екенін көрсетті. Жоғарғы оқу орындары болашақ жұмыссыздарды дайындамау үшін олардың лицензияларын қатарып алу қажет. Сонымен қатар рейтинг нәтижесі мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу кезінде ескерілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы