375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты байқау өтіп жатыр

  • 256
  • UPD: 22:43, 10.12.2019
Павлодарда «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты байқау өтіп жатыр

«Кітап оқып, рухани бай бол!» Павлодарда осылай аталған сайыстың екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алғашқысы әлеуметтік желілерде эстафета форматында ұйымдастырылған еді. Екіншісі дебат түрінде жалғасты. Сайыстың  шартына сай,  қатысушылар белгілі бір шығармаға талдау жасауы тиіс. Ұйымдастырушылар Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін таңдапты. Жастар ондағы кейіпкерлердің қарама-қайшы әрекеттерін түсіндіріп, мінезін айқындайды. Атап өтерлігі, екінші кезеңге әлеуметтік желілерде ең көп дауыс жинаған 10 қатысушы өтіп отыр. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған байқаудың мақсаты – жастарды кітап оқуға шақыру .

Нұрия Көбенова, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бөлімінің жетекшісі:

– Бірінші кезеңде 22 қатысушы болды. Екінші кезеңге 10 қатысушы өтіп тұр. Олар –  Ахметов атындағы педколледждің оқушылары. «Менің атым қожа» шығармасы бойынша блиц-сауалнама жүреді. Қазылар алқасының құрамы бар. Оның ішінде міне, Аймауытов атындағы облыстық музыкалық–драма театрдың әртісі Тәжібаева Роза Ілиясқызы, «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы.

Әділжан Қуандық, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті:

– Жастар кітап оқуға келгенде жалқау. Содан кейін осындай конкурстар арқылы кітап оқуға қызығып, өздерін көрсете алады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы