375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Аймағамбетов: Шәкіртақыны көбейту үшін қазынадан қосымша қаражат бөлінеді

  • 242
  • UPD: 23:31, 10.12.2019
А.Аймағамбетов: Шәкіртақыны көбейту үшін қазынадан қосымша қаражат бөлінеді

Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерінің шәкіртақысын көбейту үшін жыл сайын республикалық бюджеттен қосымша 19 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бүгін бұл туралы білім және ғылым министрі журналистерге мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы бірінші қаңтардан бастап бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқитын жастардың стипендиясын 25 процентке өсіру жөнінде шешім қабылдады. Мұның жоғарылатылған шәкіртақы алатын үздік студенттер мен мүгедектерге де қатысы бар. Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов университеттердегі білім сапасына қатысты да түсіндірді. Атап айтқанда, бүгінде 5 оқу ошағының лицензиясы 1 айға тоқтатылса, жақын арада тағы бесеуінің жағдайы мәлім болады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– ЖОО лицензияларын қайтып алу, әлде тоқтату өте қиын процесс. Өйткені сотқа жүгінуіміз керек. Сондықтан осы мәселені шешу үшін біз жаңа тәсілді ұсынып отырмыз. Бұл шешімді Мемлекет басшысы қолдады. Енді біз бұл лицензияны өзіміз береміз. Қалай бердік, солай қайтып алатындай құзыреттілікті өзімізге аламыз деп үміттеніп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы