376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі ЖОО бағдарламаларында кәсіпкерлік модулі ұлғайтылады

  • 196
  • UPD: 15:15, 11.12.2019
Еліміздегі ЖОО бағдарламаларында кәсіпкерлік модулі ұлғайтылады

Еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламаларында кәсіпкерлік модулі ұлғайтылады.

Бұл туралы бүгін Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің отырысында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов айтты.

Сондай-ақ Қазақстандық жоғары оқу орындары «Кукарэлли саймондс» агенттігінің шараларына қатысады.

Айта кетейік, ректорлар кеңесі осыдан 4 жыл бұрын Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен құрылды. Бүгінде кеңес құрамына 49 жоғары оқу орындары ректоры кіреді.

Ерлан Сыдықов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

- Кез келген мемлекет өзінің бәсекелестігінде жоғары дәрежеге жету үшін білімі мен ғылымын көтеруі керек.Оның сапасы жоғары болуы керек.Осы төңіректе де талаптар жоғары қойылып отыр. Соның бірі – ЖОО санының көптігі. Кейбір ЖОО-лардың талапқа сай келмейтіндігі. Оның барлығы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы