427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шәкіртақы өсетінін естіген түркістандық студенттердің ынтасы артты

  • 963
  • UPD: 22:43, 11.12.2019

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдан бастап студенттердің шәкіртақысын 25 пайызға көтеруді тапсыруы түркістандық жастарды қанаттандырып жіберді.

Еліміздегі жастар шоғырының ең көп бөлігі де осы өңіріне тиесілі. Белсенді жастар шәкірақының өсуі – тек материалдық жағдайдың жақсаруы деп қарамайды. Олардың пікірінше, бұл студенттердің білім алуға деген құлшынысын арттырып, ел мен жерді және Отанды құрметтеу сезімін ұялатады.

Айта кетейік, Түркістандағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 10 мыңнан астам студент білім алады. Олардың 5 мыңы грантта, қалғаны ақылы бөлімде оқиды. Бүгінге дейін 21 мың теңге шәкіртақы алып келген студенттер енді 26186 теңге алады. Оған Түркістан қаласының экологиялық аймаққа жатуына байланысты берілетін 20 пайыз үстемақысын қосқанда жалпы студенттердің шәкіртақысы 31 мың 423 теңгені құрайтын болады.  

Блиц:

- 25 пайыз өсетіндігі айтып жатыр. Ол да өте қуантарлық жағдай. Себебі барлық нәрсенің ынталандыруы болуы керек. Адамға құштарлық сыйлайтын дүниелер болуы керек қандай жұмыста болсын. Ол қаржылай болсын, марапат болсын, сыйақылар болсын. Дәл осы шәкіртақыны өсіру керемет шешім болды. Себебі жастар үшін көп көмегін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы