376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарыағаш ауданында мереке қарсаңында 600 орындық мектеп ашылды

  • 196
  • UPD: 12:58, 13.12.2019

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жаңа мектеп ел игіліне берілді.

Жаңа білім ұясының табалдырығын шалғайдағы Жаңаталап ауылының оқушылары аттады. Бұл елді-мекеннің білімпаз балалары осыған дейін көрші ауылдарға қатынап оқып келген болатын. Мектеп оқушыларымен бірге Тәуелсіздік тартуына әріптесім Нұрбек Байбосында куә болған еді.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- 600 орындық мектептің жаңа ғана лентасы қиылып, оқушылар мерекелік көңіл күйменен ғимарат ішіне енді. Сарыағаш ауданындағы Жаңаталап елді мекенінде жалпы  2500 мыңнан астам халық тұрады. 500 ден аса үй бар. Ауыл балалары осыған дейін көрші мектептерге қатынап оқып келген. Ал құрылысы 2017 жылы қазығы қағылған білім ұясы Республикалық бюджет есебінен 1 миллиард теңгеден астам қаражатқа бой көтеріпті. Мектептің бір ерекшелігі, бір емес 3 бірдей спорт залы бар екен. Енді ауыл балалары салауатты өмір салтын ұстанып, небір талантты спортшылар осы жерде жаттығатын болады. Cарыағаш ауданында Тәуелсіздік тартуы мұнымен бітпек емес. Бүгін сондай-ақ екі ауылдың арасын жалғайтын көпір құрылысы да аяқталып, жұртшылықты қуантып отыр.

Хабар 24 телеарнасы