376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде алғаш рет аутизм белгілері бар балаларға арналған балабақша ашылды

  • 208
  • UPD: 09:49, 17.12.2019
Өскеменде алғаш рет аутизм белгілері бар балаларға арналған балабақша ашылды

Өскеменде алғаш рет аутизм белгілері бар балаларға арналған балабақша ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекемеде жекелей және топтық түрде 100 шақты бала тәрбие алады. Бұндағы мұғалімдер де ерекше балалармен жұмыс істеу әдісіне жетік дайындалып, арнайы семинарларда білімін шыңдаған. Дефектолог, психолог сынды мамандар балалармен жеке жұмыс істеп қана қоймай, ата-аналарына да кеңес береді.

Айта кету керек, бұндай мектепке дейінгі мекеменің аймақта маңызы айырықша. Өйткені дамуында тежелуі бар балаларды тәрбиелеп жатқан отбасы үшін үлкен қолдау екені сөзсіз. Балабақша жекеменшік-мемлекеттік әріптестік бойынша жұмыс істейді.

Анна Ипатова, жоба үйлестірушісі:

- Бүгінде өкінішке орай, бұл проблема өзекті болып тұр. Өйткені аутист балалар көп кездесетін болды. Менің өзіме күнделікті он шақты қоңырау түседі, барлығы да осындай балалардың тағдырына алаңдаулы ата-аналар. Біз ересек емес, кішкене 3-4жастағы балалардан бастап қабылдаймыз, өйткені ерте бастаса ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады

Хабар 24 телеарнасы