377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда студенттер QR код арқылы емтихан тапсырды

  • 166
  • UPD: 16:13, 20.12.2019
Павлодарда студенттер QR код арқылы емтихан тапсырды

Биылғы жылдан бастап Toraighyrov University емтихандық жұмыстарды шифрлау және сыртқы сарапшылардың көмегімен тексеруді енгізді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Toraighyrov University баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 19 желтоқсанда 1438 студент емтихандарын жаңа әдіспен тапсырды.

QR код арқылы шифрлеу жауапты маманға кімнің жұмысын тексеріп жатқанын білдірмейді. Оқытушы студенттердің жазбаша жұмыстарын бағалармен бірге тіркеу кеңсесіне тапсырады.

Ал мамандар бірегей кодты мамандандырылған бағдарлама арқылы есептеп, бағаны университеттің электронды порталына енгізеді. Бұл шаралар университеттің «Саналы ұрпақ» фронт кеңсесінің жұмысы мен академиялық адалдық лигасына енуі аясында жүзеге асырылуда.

Хабар 24 телеарнасы