377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте студенттер үйі қолданысқа берілді

  • 255
  • UPD: 13:42, 25.12.2019
Шымкентте студенттер үйі қолданысқа берілді

Шымкентте Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында студенттер үйі пайдалануға берілді. 240 орындық жатақхана жастардың сапалы білім алуы үшін ашылып отыр.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана мен танысуға қала әкімі де арнайы келді. Шаһар басшысы алдағы уақыттта  жастарға 2 мың орындық жатақхана салу жоспарлануда екендігін жеткізді. Сондай-ақ жалпы екі жылда сегіз мың орындық студенттер үйі салынатын болады дейді. Себебі Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өңірлерде  2023 жылға дейін барлық студенттерді жатақханамен қамту туралы тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда Шымшаһарда жатақхана жетіспеушілігі мәселесі бар екендігі жасырын емес дейді қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Жандос Қалтаев. Қазір 7 мыңнан аса студент жатақханаға мұқтаж. Ал «Нұрсәт» мөлтек ауданында орналасқан су жаңа студенттер үйіне  аталған оқу ордасының жаратылыстану факультетінің студенттері жайғаспақ.  

Диана Бейбіт, студент:

- Бүгін міне зәулім 6 қабатты студенттер үйі ашылып отыр. Талай жастың дамуына септігін тигізетін және заман талабына сай студенттер үшін барлық жағдай жасалған жатақханада тұратынымыз бізді ерекше қуантады. Осы үшін Елбасымызға ерекше алғысымызды білдіреміз. 

Жандос Қалтаев, қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы:

- Жалпы 40 жатақхана бар. 40 жатақхана қазіргі таңда 7,5 мың студенттерді қамтып отыр. Егер 140 мыңға жуық студенттер бар дейтін болсақ, ол бір 5-7 пайызды ғана қамтимыз деген сөз. Яғни өте аз. Бірақ сұранысқа сәйкес 8 мыңға жуық орындарға мұқтаж студенттер. Әрине олар қалада пәтер жалдап тұрады. Ол әрине қымбат. Студенттердің қалтасынан ұрады деген мәселе бар. Жақын екі жылда студенттердің қажеттіліктерін 100 пайыз шешетін боламыз. 2020 жылы 4 мыңға жуық, 2021 жылы тағы да төрт мыңға жуық бас аяғы 8 мың деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы