377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жалпы пәндер бойынша олимпиада басталды

  • 209
  • UPD: 17:23, 06.01.2020

Ақтөбеде жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Оған 900-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысып жатыр.

Олар өздері оқитын мектептер мен аудандық және қалалық деңгейде өткен сайыста үздік атанған. Енді облыс орталығында ұйымдастырылған пәндік олимпиада да бақ сынауда. Қатысушылардың жұмысын жоғары оқу орындары ұстаздарынан құралған қазылар алқасы бағалайтын болады. Ал жеңімпаз атанғандар республикалық кезеңге жолдама алады. Былтырғы оқу жылында елордада өткен сайысқа 82 ақтөбелік оқушы қатысып, оның 34-і жүлдемен оралған еді. Атап айтқанда, алтын, күміс және қола медальдар иеленді. Ал биылғы олимпиаданың қорытынды кезеңін Талдықорған және Қарағанды қалаларында өткізу жоспарланған. 

Гүлназ Мырзағалиева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Олимпиада өткізудің басты мақсаты облысымыздағы дарынды, талантты оқушыларды анықтау болып табылады. Бүгінгі таңда 15 пән бойынша 876 оқушы қатысып отыр. Тәуелсіз сарапшылар тартылды. Олардың тарапынан бақылау жүргізіліп отырады олимпиаданың өткізілу барысына.

Хабар 24 телеарнасы