380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутат талдықорғандық мұғалімдерге педагог мәртебесі туралы заңды түсіндірді

  • 198
  • UPD: 18:31, 10.01.2020

Алматы облысында 40 мыңнан аса мұғалім бар. Елімізде қабылданған «Педагог мәртебесі» туралы заң ұстаздар қауымының қоғамдағы орнын анықтап, әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне оң ықпал етпек.

Талдықорғанға барған Парламент мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов сала қызметкерлерімен кездесіп, енгізілген өзгерістерді атап өтті. Мәселен алдағы 4 жылда ұстаздардың жалақысы 25 процентке өсіп, еңбек демалысы 56 күнге дейін ұзаратынын жеткізді. Сонымен қатар әртүрлі қоғамдық жұмыстарға тарту тыйылып, мамандық иелеріне құрмет артатынын айтты. Ұстазға дөрекі сөйлеген оқушы мен ата-ана да арнайы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Одан бөлек, шәкірттері олимпиада жеңімпазы атанса, жас маманды тәрбиелесе де қосымша үстемақы төлеу қарастырылып отыр. Әлеуметтік тұрыда да жеңілдік бар.  

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Педагог мәртебесі педагогтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. Мысалы балабақшаға бірінші кезекте педагогтардың балаларын орналастыру, ауылдық жерлерде жер учаскелерін бірінші кезекте басымдық беру, бұның бәрі сайып келгенде біздің қоғамда сапалы білім беріп, тәрбиелі жастарды дайындауда болады деп ойлаймын. 

Хабар 24 телеарнасы