399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында оқушылар арасынан үздік спикерлер анықталды

  • 485
  • UPD: 23:25, 13.01.2020
Қарағанды облысында оқушылар арасынан үздік спикерлер анықталды

Қарағанды облысында жастардың рухани тәрбиесіне бағытталған пікірсайыс турнирі басталды.

Дебаттық турнир ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды. «Сарыарқа саңлағы» жобасы облыстың барлық қалалық және ауылдық білім беру ұйымдарында бір уақытта бастау алды. Оның аясында тұрақты дебаттық турнирлер мен пікірталас алаңдарының циклі жоспарланған. Жоба рухани-адамгершілік дамуға, білім сабақтастығы мен жаңа ұрпақтың патриотизмін тәрбиелеуге бағытталған. Алғашқы турнир  Жезқазғанда бастау алды. Мұнда облыстық дебаттық турнирдің бірінші кезеңі өтті. Шешендер шеберлігіне төрт мектеп командасы қатысты. Дебаттар тоқсан сайын облыстың барлық қалалары мен кенттерінің жалпы білім беретін мектептері мен жоғары оқу орындарында өткізіледі. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша аймақтық турнирлердің үздік жеңімпаздары Қарағанды қаласында өтетін қорытынды жарысқа қатысуға жолдама алады. Ұйымдастырушылар  турнирдің үшінші кезеңі теледебат түрінде өтетінін мәлімдеді.  Финалда оқушылар мен студенттер тең дәрежеде жарысады. Ауызша дуэльдерді өнер, білім және ғылым саласындағы сарапшылар бағалайды.

Еркін Нұрмұханбет, «Сарыарқа саңлағы» жобасының жеңімпазы:

- Бұл дебат ойындары әр баланың өзінің ойын еркін жеткізуге көмегін тигізеді. Мен үздік спикер болдым. Менің кейсімде Абай атамыздың сөздерінен алынған әрбір адамның жүрегінде иманы болу керек және әр адам әмбебап болғаны жөн, бүкіл кәсіпті берге алып жүре білу керектігі жөнінде бағыт бар.Абай атамыздың сөздерін еске ала отырып өз кейсімді құрастырдым.

Хабар 24 телеарнасы