376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдегі қазақстандық магистранттар туралы видеоға қатысты комиссия құрылды

  • 149
  • UPD: 09:30, 15.01.2020
Шетелдегі қазақстандық магистранттар туралы видеоға қатысты комиссия құрылды

Шетелде тағылымдамадан өткен қазақстандық магистранттарға қатысты видео бойынша комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы сайтына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы 2019 жылы қарашада шетелдегі тағылымдамадан өту кезінде академия магистранттарына қатысты 13 қаңтарда YouTube желісінде жарияланған бейнематериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлайды.

«Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселені шешуге, тексеру қорытындысы бойынша жасалған комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шет елдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі».

Оқу жұмысы мен шетелдегі тағлымдаманы ұйымдастыруға жауапты бірқатар қызметтік тұлғалар қазіргі кезде академияда жұмыс істемейді. Мәселен, ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан оқу және ғылыми жұмыс бойынша вице-ректор Н.Р.Раззак, 2019 жылдың 9 қазанына дейін Академия ректоры міндетін атқарушы; 2019 жылдың 3 желтоқсанынан халықаралық ынтымастық сұрақтары бойынша жетекші ғылыми қызметкер А.К.Әбікеева; 2019 жылдың 12 желтоқсанынан Жоғарғы оқудан кейінгі институттың бас сарапшысы Л.Е.Төлеп.

Сондай-ақ 2019 жылы қазан айында академияға З.Х.Баймолдина ректор болып тағайындалды.

Академия баспасөз қызметі келесі мәліметтерді хабарлайды: «Біріншіден, бейнематериалдағы тұлғалар академияға 2 жыл бұрын түскен. Олар түрлі мемлекеттік органдардың, негізінен министрліктердің және ведомствалардың қызметкерлері» делінген хабарламада.

Екіншіден, академияның дипломы мен оқуы магистранттардың судья лауазымына автоматты түрде тағайындамайды. Олар басқа да кандидаттар секілді заңда көрсетілген Жоғарғы сот Кеңесі өткізетін барлық конкурстық рәсімдерден өтеді.

«Үшіншіден, егер бұрын конкурста үміткерлің әрбір төртіншісі сәтті өтіп судья ретінде тағайындалған болса, 2019 жылдан бастап қатаң тәртіп енгізілгеннен кейін конкурста үміткерлердің әрбір жиырмасыншы ғана сәтті өтеді. Жақын арада тексеріс нәтижесі және академия ректоры қабылдаған шешім туралы қоғамға мәлімдеме жасалынады» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы