432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде биылғы түлектердің алғашқы легі ҰБТ тапсырды

  • 803
  • UPD: 23:40, 16.01.2020
Елімізде биылғы түлектердің алғашқы легі ҰБТ тапсырды

16-20 қаңтар күндері еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орынында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасаған Елорда-Инфо хабарлады. 

«ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ұлттық бірыңғай тестілеуді 99 ҰБТ өткізу пункті базасында 820 аудитория пайдаланылады.

Естеріңізге салсақ, биылдан бастап ҰБТ-ға өзгеріс енгізілген болатын. Яғни бұрынғыдай ұлттық бірыңғай тестілеу қағаз емес, электронды түрде өткізілсе, түлектер тестті 4 кезең бойынша тапсырады. Мәселен, ақылы оқуға тапсыратын оқушылар ҰБТ-ны қысқы уақытта тапсырса, мемлекеттік грант иеленуге үміткерлер маусым айында тапсыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы