425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҰБТ-ның ақылы түріне 95 мыңнан астам адам қатысады

  • 643
ҰБТ-ның ақылы түріне 95 мыңнан астам адам қатысады

Ақылы түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға 95 мыңнан астам адам қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Емтиханның бағасы – 2 мың 242 теңге. Айта кетейік, былтырдан бастап ҰБТ 4 рет өткізіледі. Ал білім грантынан дәмелі үміткерлер маусым айында болатын тестілеуді тапсыруы қажет. Жоғары оқу орнына түсу үшін талапкер кем дегенде 50 балл жинауы тиіс. Ал ұлттық оқу орындары 65 балл жинаған түлектерді қабылдайды. Елордада тестілеу 3 университетте өтіп жатыр. Алғашқы 3 күнде 11-сынып оқушылары, 20 қаңтарда оқу орындарының студенттері білімдерін сынап көрмек.

Толқын Қойшыбай, № 52 мектептің 11-сынып оқушысы:

– Осы уақытқа дейін болып өткен тестерде 70-75 балдан жинап отырдым. Бүгінгі болатын тестен жақсы балл жинаймын деп үміттенемін. Және де осы маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысып, жақсы балл жинап, грантқа түсемін деген ойдамын.

Осы жылы ұлттық тестілеу орталығы бас қалада тест тапсырушылар үшін пилоттық жоба енгізді. Аталған жоба оң нәтиже көрсеткен жағдайда наурызда республика бойынша жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы