410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда ҰБТ өтіп жатыр: 200-ге жуық смартфон мен шпаргалка табылды

  • 600
  • UPD: 12:10, 17.01.2020
Нұр-Сұлтанда ҰБТ өтіп жатыр: 200-ге жуық смартфон мен шпаргалка табылды

Бүгін бас қаладағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде елордалық оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Тестілеуге кірерде және оның өту барысында тыйым салынған заттардың (ұялы телефондар мен қағаз жазбалар) саны өткен жылғы ҰБТ-ның бірінші күнімен (қаңтар 2019) салыстырғанда 5094-тен 188-ге қысқарды», – деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.

ҚР Білім және ғылыми министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ҰБТ 16 мен 20 қаңтар аралығында республика бойынша өтеді. ҰБТ-ға қатысуға 95 мың 440 адамнан өтініш келіп түсті. Ұлттық бірыңғай тестілеу 99 ҰБТ өткізу пункті базасында өткізіледі және 820 аудитория пайдаланылады.

Айта кетейік, өткен жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жылына 4 рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында. Қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсырылған ҰБТ нәтижелерімен ақылы түрде жоғары оқу орындарына түсуге болады, ал маусым айында тапсырылған тестілеу нәтижелерімен түлектер білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы