376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ҰБТ-ның алғашқы күнінде 480 оқушы сынақтан өтті

  • 200
  • UPD: 13:42, 17.01.2020
СҚО-да ҰБТ-ның алғашқы күнінде 480 оқушы сынақтан өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 480 оқушы сынақтан өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 180-і тестілеуді қазақ, қалғандары орыс тілінде тапсырған. Түлектердің өз білімдерін шыңдап көрулері үшін құжаттар өткен жылдың желтоқсан айында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. Нәтижесінде 1409 адам қатысуға өтініш білдірген екен. Жалпы биыл тестілеудің форматы еш өзгерген жоқ. Тек ғана бақылау күшейді.

Нәзерке Келісбаева, оқушы:

– Бірінші рет уайымдап тұрмын. Негізінде қатты қорқыныш бар. Өте алмай қаламын ба деп. Бірақ өзіме сенімдімін. Дайындығым жақсы.

Ирина Голодова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

– Биыл өңірде 3300 оқушы мектеп тәмамдайды. Ал олардың нақты қаншасы тестілеуге қатысатыны әзірге белгісіз. Бүгін сынақ тапсырып жатқан 480 адамның 24-і – шартты түрде оқуға қабылданған студенттер. Барлық аудиторияларға ұялы құралдарын бұғаттайтын құрылғылар қойылып, бейнебақылау камералары орнатылды. Түлектерден тыйым салынған заттар мүлдем табылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы