375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ: СҚО-да 305 оқушы тиісті балл жинай алмады

  • 167
  • UPD: 15:20, 20.01.2020
ҰБТ: СҚО-да 305 оқушы тиісті балл жинай алмады

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 305 оқушы тиісті деген 50 балды еңсере алмай қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл алғашқы ақылы сынақ тапсырғандардың 22 процентін құрап отыр. Жалпы соңғы үш күнде өңірде 1 мың 350-ден астам түлек кешенді тестілуге қатысқан екен. Мамандардың айтуынша, емтихан кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Ең жоғары балл 129 болса, оқушылардың бірі 17 балды жинап, ең төмен көрсеткішке ие болған.

Ирина Голодова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

– Мүмкін түлектер таңдаған пәндерінен қателескен болар. Бұл тек бастамасы ғана. Қажетті балды жинай алмағандар енді сәтін салса наурыз айында екінші тестілуге қатысып білімдерін сынап көре алады. Жалпы алғашқы текстілеуді 1409 адам тапсыруға өтініш білдірген еді. Ал оның 32-і түрлі себептерге байланысты сынаққа келе алмай қалды.

Хабар 24 телеарнасы