376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Абай шығармашылығына арналған олимпиада басталды

  • 301
  • UPD: 20:21, 22.01.2020

Алматыда мектеп оқушылары арасында ІІ республикалық абайтану олимпиадасы басталды. Абай шығармашылағына арналған байқауға еліміздің білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары қатысады.

Жалпы саны 122 оқу озаты Абай шығармашылығы туралы оқып-білгендерін сарапқа салады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші айналымда қатысушылар Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады. Екінші айналымда Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына қатысты сұрақтарға жауап береді. Байқау қорытындысы ертең жарияланады. 

Бегімай Әбілмәжін, оқушы:

- Абай әлемімен осы мектептен бастап таныстым. Абайдың қара сөздерін, «Абай жолы» роман-эпопеясын оқуды бастадым. Ізгілікке бағыттаған осы Абай жолы романы деп ойлаймын.

Роза Сексенова, Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры:

- Әуезовтың «Абай жолы» романында Абай бейнесі әлемдік әдебиетте үлкен орын алатын болса ол абайды танудың бір қыры. Ал оны тереңірек тану үшін өлеңдеріне, қара сөздеріне мән-мағынасын аша білуіміз керек дейміз. Міне осы мақсатта өткізгелі отыр олимпиадамыз.

Хабар 24 телеарнасы