422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада абайтанудан ғылыми-танымдық орталық ашылды

  • 600
  • UPD: 17:47, 31.01.2020
Елордада абайтанудан ғылыми-танымдық орталық ашылды

Елордада Абайтану ғылыми-танымдық орталығы ашылды. Ұлы тұлғаның 175 жылдық мерейтойы қарсаңындағы игілікті іске мектеп мұғалімдері және абайтанушы ғалымдар ұйытқы болды.

Орталықтың ашылу рәсімінде өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Елордалық аталар мен әжелер ансамблі өнер көрсетті. Еске салайық, бұған дейін бас қалада Абайтану орталығы болмаған. Олқылықтың орнын толтыру үшін ұлы тұлға жайындағы еңбектер жинақталып, осы жерге топтастырылды. Әсіресе, Абайдың балалық, ақындық және хәкім атанған шағындағы қызықты мәліметтер көп. Айта кетерлігі, орталық Абай атындағы нөмірі 87-ші мектепте ашылып отыр. Алдағы уақытта өскелең ұрпақ ойшылдың өмір жолымен танысып қана қоймай, ол жайында ғылыми жұмыстармен айналыса алады. Себебі, орталық танымдық бағытта жұмыс істейді.

Алмахан Мұханбетқалиқызы, ақын, абайтанушы:

- Бала Абай мектепке керек. Ол ауыз әдебиетті қалай қамтыды, сол деңгейге қалай өсті. Абайдың үлкендердің сөзіне араласып, тапқыр болуы. Зеренің ақылдылығы, Құнанбайдың қайраткерлігі, тіпті Абайдың Ибрагим деп есімінің қойылуының өзінің аянмен келгенін толық айта алмай жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы