414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық оқушы тағам сапасын анықтағыш биоиндикатор ойлап тапты

  • 422
  • UPD: 10:01, 02.02.2020

Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы тағамның сапасын анықтайтын биоиндикатор ойлап тапты.

Ол үшін жас ғалым көкөністердің құрамынан арнайы антоциан пигментін бөліп алып, оны түрлі қоспалармен байытқан. Көк түсті бұл сұйықтық 5-10 минуттың ішінде тауардың қаншалықты тұтынуға болатындығын көрсетеді. Мәселен, егер өнім бүлінген болса, индиктор өзінің түсін өзгертеді. Нәбидің айтуынша, әлемде бұл индикатордың баламасы бар. Бірақ Қазақстанда  ол әлі жетілмеген. Сондықтан өнертапқыш келешекте оны одан әрі дамытып, патенттемек жоспары бар. Кейін оны еліміздегі сүт зауыттарына ұсынбақ ниетте. Ал оқушының бұл жобаны жүзеге асыруына әжесінің бұзылған тамақтан уланып, сырқаттанып қалуы себеп болған. 

Нәби Ғали, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Осы индикаторы бар сүт және де индикаторы жоқ сүтті мысал ретінде алатын болсақ, онда әрине тұтынушы индикаторы бар сүт қаптамасын, сүт өнімін алады. Осы индикаторды қаптамаға енгізу үшін әр түрлі стабилизаторлар қосу арқылы біз оның стабильділігін жетілдірудеміз. Ең алдымен патент алу керек. Сол патент алғаннан кейін барып ғана сүт компанияларына ұсынуға болады.

Хабар 24 телеарнасы