422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда оқытушылар мен шәкірттері танк құрастырды

  • 525
  • UPD: 11:59, 02.02.2020

Қарағандыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінің жанынан құрылған әскери кафедра оқытушылары студенттермен бірлесіп, жаттығу танкісін құрастырып шығарды. Оның кәдімгі әскери техникадан айырмасы қандай, болашақ офицерлер үшін несімен тиімді? 

Әскери кафедра оқытушылары қазіргі күні студенттерге 7 түрлі мамандық бойынша дәріс береді. Соның бірі - Т-72 танкісінің жүргізуші-механигі. Бұған дейін ұстаздар сабақты кәдімгі әскери техниканың ішінде өткізіп келді. Тар кабинада студенттің танкіні қалай басқаратынын қадағалау мүмкін болмады. Ал жаңа жаттығу танкісінде бәрі көз алдыңда.

Алмас Тойбеков, әскери кафедра оқытушысы:

- Танкінің ішінде болса жалпы взводқа көрінбейді, 10-15 адамға. Мына тренажер арқылы біз 10-15 адамға бір мезгілде түсіндіреміз. Олардың қателіктерін көріп тұрамыз және де. Қосалқы бөлшектері бәрі шын, арнайы танкіден алынған. Сыртқы жоспары болмаса. 

Жаттығу құрылғысын оқытушылар үш айдың ішінде құрастырып шығарған. Сыртқы корпусы болмағанымен басқару тетіктерінің барлығы кәдімгі әскери техникадан алынған. Ең бастысы, қауіпсіз екен. 

Бексұлтан Жақан, студент:

- Бұны басқа жерлерге тасымалдап, сыныпта немесе басқа жерлерде де үйренуге болады. Платцта, сыртта жүріп бір-бірімізбен жаттығуға болады. Ал танкімен біз сыртқа шыға алмаймыз. Бір орында тұрған соң қозғалу қиын болады. Ал бізге оқу-жаттығуға осы тиімдірек болып тұр.  

Әзірге жаттығу танкісі жалғыз. Алдағы уақытта ұстаздар тағы бірнешеуін жасауды жоспарлап отыр. Айта кету керек, 70 жыл бұрын құрылған әскери кафедра осы күнге дейін 20 мың офицер мен 600 сержант дайындап шығарған. 

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы