432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттердің саны жыл санап артып келеді

  • 801
  • UPD: 10:09, 03.02.2020

Жастардың жоғарғы білім алуына арналған гранттық жобалар өз нәтижесін бере бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздің шығысына оңтүстік облыстардан келіп оқып жатқан студенттердің саны жыл санап артып келеді. Соңғы 3-4 жылда Өскемендегі екі универсиситтен бір мыңға жуық түлек бітіріп шықты. Олардың 80%-і өңірдің өзіндегі ірі өндірістер мен кәсіпорындарда тұрақты жұмысқа тұрды. Ал қазір шығыс пен орталық және солтүстік облыстарда жол құрысына білікті мамандар жетпейді. Сондықтан жол активтері ұлттық сапа орталығының облыстық филиалының мамандары техникалық университеттің 3-4 крус студенттерін жұмыс барысымен таныстырды. Студенттер жөнделген жолдан сынаманың қалай алынып, оның тексерілу кезеңін көрді. Олардың көбі оқу практикасын осы зертханада өтіп жүр. Былтырдан бері мекемеге бірнеше жас маман жұмысқа тұрды.

Ержан Аязбаев, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры:

- Өзімізден оқу-тәжірибесінен өткен студенттерді жұмысқа қабылдаймыз. Өткен жылы жол активтері ұлттық сапа орталығы болып қайта құрылған соң жас мамандарды қабылдадық. «Серпін» бағдарламасымен бітірген бірген де бар. Болашақта да жастарды қабылдауға дайынбыз.

Нұрқұлан Аманжолұлы, студент:

- Біздің мамандық кең ауқымды болғандықтан, зертханада жұмыс істейміз. Жолда да істейміз. Сондықтан жолға шығатын болсақ, бізде материалды қандай критерияда тексерілетіні өте маңызды. Соны біз білу керекпіз. Сондықтан қандай құралдарды қолданынын біліп танысып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы