427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ-да заңсыз әрекетке барған талапкерлер қатаң жазаланады

  • 664
ҰБТ-да заңсыз әрекетке барған талапкерлер қатаң жазаланады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов талапкерлер қандай жағдайларда ҰБТ-дан шеттетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«ҰБТ-ға смартфонмен келсе, бұл өз кезегінде адамдар оны пайдалануға ниетті екенін білдіреді. Өйткені баршасы ҰБТ ережесін жақсы біледі, тестілеуге смартфонмен, смарт сағаттармен кіруге болмайтыны ескертіледі. Сәйкесінше, ол тест қабылдайтын орынға құрылғымен кірсе, онда ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады», – деді вице-министр. Бұдан бөлек ол кейбір талапкерлер өзінің орнына басқаларды тестілеуге жіберіп жататынын, бұл заңсыз әрекет жасағандарға тиісті жаза қарастырылғанын айтты.

«Егер тестілеуге өзінің орнына басқа біреуді жіберсе, бұл жағдайда аталған адам бір жылға емтихан тапсыра алмайды. Бұл ретте осындай адамдар тұтас бір жылын жоғалтады. Мұндай шаралар талапкерлер арасында заңсыз әрекеттердің жолын кеседі деп ойлаймын», – деді Мирас Дәуленов.

Хабар 24 телеарнасы