430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ тапсыру процесін жасанды интеллект бақылайды

  • 864
  • UPD: 20:10, 10.02.2020
ҰБТ тапсыру процесін жасанды интеллект бақылайды

Бұл ашықтық һәм әділдік үшін жасалып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жүйе смартфон мен қағаз жазбаны яғни шпаргалка қолдануды, тіпті сынақты талапкердің өзі емес бөгде адамның тапсырып жатқанын автоматты түрде анықтай алады. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов хабарлады. Тыйым салынған заттарды қолданған немесе алып кіруге тырысқандар білім сынағына қатыса алмайды. Қазір еліміз бойынша тестілеу барысын көрсету үшін ахуалды орталық іске қосылды. Сосын ұлттық тестілеу орталығы осы жылдан бастап, құжатты онлайн түрде тапсыруды және ҰБТ өтетін әр аудиторияда онлайн-көрсетілімді іске қосуды жоспарлап отыр.

Дидар Смағұлов, ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

– Бұл танымал Digital agent қосымшасы арқылы азаматтарға ережелердің бұзылуы туралы жедел түрде хабарлау және жедел жауап беру мүмкіндігі бар. Digital agent қосымшасын еліміздің әр азаматы қолдана алады және тестілеудің ашықтығын бақылай алады. Халыққа үндеу тастағым келеді.

Хабар 24 телеарнасы