426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 2 мыңнан аса оқушы аула клубтарындағы түрлі үйірмелерге барып жүр

  • 487
  • UPD: 15:33, 17.02.2020

Облыс орталығында осындай 20 шақты клуб жұмыс істейді. Қазір қала билігі балалардың бос уақытын тиімді өткізетін осындай орындарды жаңарту мақсатында ауқымды бағдарламаны іске асыра бастады. Мысалы, жуырда ғана қаланың шеткері шағынаудандарының бірінде барлық талапқа сай келетін «Community» орталығы ашылды. Қалалық кітапхана жүйесіне қарасты филиал да жөндеуден өткен  су жаңа ғимаратқа көшірілді.

Абай Құнанбаев: Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып шаттанба, ойнап босқа күлуге...

Қадыр Мырза Әлі: Тілдің туы. Тілсіз келген білімнің, түбі нағыз қиғылық. Көсегесін тілімнің, көтеремін ту қылып... 

-  О, тіршілік! Не берсең де арнап бер. Алтын балық ілігетін қармақ бер. Бақыт бер де бармақтай сол бақытты, басып тұрар бақытты, батпақһндай бір салмақ бер!   

Өнерлі өрендер қалалық кітапханалар жүйесінің ең жас оқырмандары. Классиктер шығармашылығы өз алдына, олар мұнда шахмат пен тоғызқұмалақ ойнап, өлке тарихын тереңірек тани түседі. Жаңа ғимаратқа көшкен 6-кітапхананың қорында 40 мыңдай әдебиет бар. Сондықтан болар мұнда қариялар да жиі келеді.  

Әмір Аманкелдин, оқушы:

- Бұл электронды кітаптардың үлгілері, QR  скаенрді ашып QR кодты скканерден өткізіп сол кезде кітаптың өзі шығып кітапты оқи беруге болады. 

Жауынбай Сағынғалиев, қала тұрғыны:

- Бұрынғы орны басқа жерде еді, енді мына ет комбинаты ауданына келгелі жақсы болды. Беріліп тұрған орны да жақсы, жылы, әртүрлі бөлмелері, үлкендерге жастарға. Әрине тұрғындар үлкенді кішілі оған өте риза, қуанышты. 

Индира Ілиясова, кітапхана меңгерушісі:

- Абайдың 175 жылдығына байланысты Абай оқулары өткізіліп жатыр мектептерде соы кітапханаға келіп. Сосын  көптеген конференциялар өткізіліп жатыр. Көрмелеріміз бар, «Бір ел бір кітап» акциясына байланысты. 

Егде жастағы әйелдердің басын қосатын үйірменің де пайдасы ұшан-теңіз. Әжелер осы жерде қолөнермен айналысып, білгенін жастарға үйретеді. Өзара пікір алмасып, тіпті смартфон пайдалануды үйренеді. 

«Арай» коммьюнити орталығында шәкірттер ән айтып, би билеп, түрлі саз аспаптарын меңгереді. Келешекте олар үшін ағылшын тілін үйрететін үйірме ашу көзделіп отыр.    

Зарина Бозова, оқушы:

- Ет комбинаты ауданы жалпы өте дамымаған, яғни артта қалған аудандардың шет жақтағы ауданлардың бірі болып есептеледі. Одан бұрын біздің ауданымызда ондай орталықтар ешқандай үйірмелер болған емес. Біздер бір жерге қатысу үшін автобустарға мініп, өзімізді әрі қарай даму үшін, сынау үшін біздер басқа алыс жерлерге бару керек болдық ал қазір біздің дәл үйіміздің қасында осындай орталық ашылып біз оған тегін қатыса аламыз.  

Қала тұрғындары үшін келешекте денсаулықты шыңдайтын арнайы залдар жұмыс істемек.  Әзірге олар караокемен ән салып, бос уақыттарын қызықты өткізеді. Келешкте осы ауданда концерт залын салу да жоспарда бар.  

Жандос Сәлімов, ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Ет комбинаты біздің қаламыздың шеткі ауданы өзіңіз білесіз. Қылмыс жағынан ахуалы өте бір төмен деңгейде болған. Қазіргі таңда біз осы шағынауданға барлық әлеуметтік нысандарды салуға күш салып жатырмыз. Екіншіден, ескі үйлер Физкультурная көшесіндегі жер үйлер, солардың орнына  инвестициялық компаниямен кездесулер болды. Бірақ ол әлі уақыт мерзімдері анықталмаған. Болашақта  сондай жоспар бар, жаңа инфраструктура салуға. 

Бір сөзбен айтқанда, шаһар басшылығы шеткері шағынаудандардың шырайын келтіруге шындап кіріскен сыңайлы. Мәселен, дәл осы «Ет комбинаты» ауданындағы нөмірі 33 орта мектеп толықтай бұзылып, орнына су жаңа білім ошағы бой көтермек. Қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқтаймыз дейді мамандар. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы