439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда тұңғыш рет оқушылар арасында экономикалық олимпиада өтті

  • 213
  • UPD: 07:47, 18.02.2020
Қарағандыда тұңғыш рет оқушылар арасында экономикалық олимпиада өтті

Талапты жастар бизнес жобаларын қорғап, қаржылық сауаттылықтарын көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Енді олар табысты кәсіпкерлермен кездесіп, кеңес алмақ. Сондай-ақ қаладағы 80 мектепте танымдық ойындар ұйымдастырылып, стартап-жобалардың байқауы өтеді.

Айта кету керек, биылдан бастап мектеп бағдарламасына «кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты жаңа пән енгізілген болатын. Онда оқушылар кәсіп ашудың, қаржыны игерудің қыр-сырын үйренеді. 

Ерсін Айтжан, оқушы:

– Бұл сабақта біз тек теорияны жаттап қана қоймай, сонымен қатар ой-санамызды дамытуға арналған түрлі ойындарды ойнаймыз және сол арқылы біз өзіміздің бизнес, кәсіпкерлік туралы түсінігімізді молайтып, құштарлығымызды арттырамыз. Бұл олимпиадаға қатысқаным келешекте маған үлкен үлесін тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы