420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда тұрғыны электронды кітапхана ашты

  • 483
  • UPD: 15:37, 09.03.2020

Кітап – құнды қазына. Адамның дүниетанымын кеңейтіп, ой өрісін дамытады. Осы кітап оқуды сүйікті ісіне айналдырып, өзгелерге үлгі болып жүргендер көп. Білген-түйгенімен бөліскісі келеді. Керек десеңіз, кітап алмасуға әрдайым дайын олар.

Психология, көркем әдебиет, детектив тіпті комикс те бар. Елордалық Мағжан Шабданбектің электронды кітапханасында түрлі жанрдағы туындылар кездеседі. Ол бұл шаруаны осыдан жарты жыл бұрын бастаған. Оқыған кітаптарын көпшілікке ұсынып, орнына басқасын алады. Сөйтіп, кітап қорын көбейтіп келеді. 

Мағжан Шабданбек, кітап алмасу жобасының авторы:

- Белгілі бір талаптар жоқ. Тізімді ай сайын тексеріп отырамын. Кітап алған адамдарға хабарласып, оқып болғанын немесе болмағанын анықтаймын. Тіпті сол кітаптан қандай ой түйгенін де сұрап білемін. 

Бұлды Саинова электронды кітапхана жайлы достары арқылы естіген. Енді міне кітап алмаспақ ниетте. 

Бұлды Саинова, қала тұрғыны:

- Өте пайдалы жоба. Кітап сатып алуға біріншіден уақыт, екіншіден ақша кетеді. Екеуін де үнемдеуге болады.

Кітап оқу Виолетта Кимнің де сүйікті ісі. Мамандығы психолог және шығыстанушы. Аз уақыт бұрын оқыған кітаптарын талқылап, ой бөлісетін орта қалыптастырды.

Виолетта Ким, оқырмандар клубының ұйымдастырушысы:

- Бастапқыда біз Алматыда әлеуметтік желі арқылы байланыстық. Кейін жиі бас қоса бастадық. Елордаға көшіп келгеннен кейін де осы істі жалғастырдым. Ашылғанымызға бір жыл болады. Жас айырмашылығы әр түрлі адамдар келеді. Осындай талқылаулар арқылы ойдан ой туындап, пікір қалыптасады. 

Жаз айларында Виолетта мен оның құрбылары қала тұрғындарымен кітап алмасуды жоспарлап отыр. Сол арқылы қатарларын көбейтпек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өз кезегінде қоғамға пайдалы іс. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Вероника Боярова, Нургали Мамурбаев, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы