448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ғылымның әскери бағытын зерттеуші әйелдер үлесі 10 проценттен аспайды

  • 128
  • UPD: 15:35, 09.03.2020

Елімізде ғылымның әскери бағытын зерттеумен айналысатын қыз-келіншектердің үлесі 10 проценттен аспайды. Қызығына қарағанда қиындығы көп бұл саланы таңдағандардың бірі Назгүл Ысқақова. Ол қазір ұлттық қорғаныс университетінде аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады.

Елордадағы Ұлттық қорғаныс университетінде Әскери ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Оның басты мақсаты – әскери ғылымды үш бағыт бойынша дамыту. Олар – әскери тарих, әскери өнер және әскери техника мен қару-жарақ.  

Назгүл Ысқақова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ аға ғылыми қызметкері:

- Әскери ғылым жалпы ғылыммен салыстырғанда өте жас. Тәуелсіздік алғаннан кейін бірден әскери ғылым қалыптасқан жоқ. Ким Серікбайұлы ағамыз Мәскеуде қорғаған, марқұм Пернехан Әшімбайұлы техника ғылымдарының кандидаты, Абай Бөлекбайұлы тарих ғылымдарының кандидаты. Сондай санаулы ғана адамдар бар еді. 

15 жылдан астам еңбек өтілі бар Назгүл Ысқақова бұл ғалымдардың жолын жалғасам дейді. Ол үш бағыттың әскери тарих деп аталатын бағытын таңдапты. 4 жыл бойы зерттеген кандидаттық диссертациясының тақырыбы: қазақ әскери терминологиясы. Ескеретін жайт, елімізде бұл мәселеге тарихи талдау алғаш рет жасалыпты. 

Назгүл Ысқақова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ аға ғылыми қызметкері:

- Бұл істе тарихшылармен қатар тіл мамандары, тарихшылар және сол әскери ғылым бағытының маманы – үшеуі бірігіп, ғылыми негіздеп шығарған ғана туынды ұтымды болды. Егер айтылған қандай да бір маман терминді қалыптастыру ісіне араласпаса, онда ол термин әлсіз болып шығады. 

Талғат Құлманов, ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ магистранты:

- Қазіргі таңда магистранттардың ғылыми жұмыс жасау кезіндегі қазақша терминологияның ролі жоғары. Ол кісінің қазақша аударған терминдерінің арқасында көптеген мақалалар, магистрлік диссертациялардың арқасында материалдар көп жинақталуда. 

Назгүлдің алғашқы мамандығы аудармашы болса, кейінгісі әскери тарихшы. Қазір осы екі саланы біріктіріп, өзінің зерттеу жұмыстарында сәтті қолданып жүр. Айтпақшы, оның жолдасы да әскери ғалым. Екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы