399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 4 оқу орыны алыстан оқыту жүйесіне көшпейді

  • 337
  • UPD: 20:56, 13.03.2020
Алматы облысында 4 оқу орыны алыстан оқыту жүйесіне көшпейді

Алматы облысында төрт кәсіптік-техникалық оқу орыны қашықтан оқыту жүйесіне көшпейді.

Өйткені олар қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемелерде орналасқан. Қалған 74 колледждің оқушылары платонус платформасы арқылы білім алады. Қазір өңірдегі 31 мыңнан аса бала жұмысшы және орта буын мамандығын меңгеріп жатыр. Солардың 28 мыңы күндізгі бөлімде оқиды. Осы студенттер наурыздың бел ортасынан бастап үйлеріне қайтарылады. Жатақханаларда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ғана тұрады. Сала мамандары бұл санаттағылар үшін қолайлы жағдай жасалатынын айтады. 

Әмина Төребаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Сабақтардың кестесі сол қалпында жүреді. Тек қана қазіргі оқу орындарының жоспарларына өзгерістер енгізіліп жатыр. Қазір көбінесе теориялық сабақтар өтеді. Ал практикалық сабақтар мамыр, маусым айларына ауыстырылады.

Хабар 24 телеарнасы