412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоғызыншы класс оқушысы өрт қауіпсіздігі жүйесін ойлап тапты

  • 193
  • UPD: 14:21, 15.03.2020
Тоғызыншы класс оқушысы өрт қауіпсіздігі жүйесін ойлап тапты

Шығыс Қазақстан облысында 9-сынып оқушысы автоматтандырылған өрт қауіпсіздігі жүйесін ойлап тапты.

Самар ауылында тұратын өнертапқыш бала бұл жобасын облыстық стартап байқауында ұсынып, жеңімпаз атанған. Оған сыйлық ретінде 368 мың теңге грант табысталған. Қазір оқушы өз жобасын одан әрі жетілдірумен айналысып жатыр. Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейде 435 оқушы бар. Олардың көбі осындай аймақтық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері. Осындай жетістіктері үшін білім ордасы өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы үздік мектеп болып табылып, ұжым 34 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Әлімжан Әшімов, оқушы:

- Көбіне адамдар пеш жағады және де пеш ашық қалуы мүмкін. Өрт шыққан жағдайда температура сенсоры оны сезеді. Яғни GSM модулі адамға хабарлама жібереді. Яғни СМС келеді ересек адамға не өрт сөндіру жүйесіне келіп қарайды.

Баян Багисова, Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің директоры:

- Біз тренажерлік кабинет ашпақшымыз. Сонымен қоса лингафон кабинет ашылатын болады. Еңбекке құмарландырып, шабыттандыру үшін еңбек кабинетін, балаларымыздың ғылыми жобаларда жоғарғы көрсеткіштері көбейгеннен кейін оқушыларға арналған лабараторияларды жасамақпыз. Әрине қазіргі таңда жаңа технологияларды көбірек пайдалануға көп көңіл бөлудеміз.

Хабар 24 телеарнасы