445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каникул кезінде мұғалімдерді мектепке шақырған директорлар жазаға тартылады

  • 512
  • UPD: 09:52, 26.03.2020
Каникул кезінде мұғалімдерді мектепке шақырған директорлар жазаға тартылады

COVID-19 жұқтыру қаупін азайту шаралары аясында қабылданған ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық педагог көктемгі демалыс уақытында қашықтан жұмыс істейді.

Алайда кейбір мектеп басшылары мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды», - делінген хабарламада.

Педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. Сондай-ақ пандемия кезінде педагогтердің еңбек ақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу ұстаздардың айлығына әсер етпейді.

Хабар 24 телеарнасы