435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқушы мен мұғалім кері байланысты Kundelik, Bilimal, Mektep жүйелері арқылы орнатады

  • 853
  • UPD: 16:39, 26.03.2020
Оқушы мен мұғалім кері байланысты Kundelik, Bilimal, Mektep жүйелері арқылы орнатады

 Елімізде мектеп оқушыларына арналған 200-ге жуық телевизиялық сабақ дайын.

«Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Телевизияға 2 мыңнан астам сабақ түсіріледі. Қазіргі таңда 200-ге жуығы дайын. Бұл ресурстардың барлығы педагогке қосымша ақпарат болып табылады. Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектепте жасалған сабақ кестесіне сәйкес  өтеді. Сабақтың өткізу ұзақтығы – 30 минут. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты Kundelik, Bilimal, Mektep жүйелері арқылы орнатады. Барлық методикалық нұсқаулықтар дайын», - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Айта кетсек, 6 сәуірден бастап оқушылар үшін EL ARNA және Balapan телеарналарынан видеосабақтар көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы