448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұғалімдер жаңа оқу тоқсанын бастауға дайындалып жатыр

  • 200
  • UPD: 11:04, 27.03.2020

Сонымен 6 сәуірден бастап ел мектептерінде оқушыларды қашықтан оқыту басталады. Білім және ғылым министрлігі мен барлық білім басқармасы жанынан құрылған жобалық ұйымдар әдістемелік ұсыныстар жасау бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Ұстаздар қауымы да жаңа форматқа әзір. Мұғалімдер мектептегі сабақ кестесіне сай сағатын өткізетін болады. Сондай-ақ карантин кезінде мұғалімдердің жалақысы қысқартылмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова айтты.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Бүгінгі күні Күнделік ресурсы, БілімЛэнд ресурсы, ДарынОнлайн ресурсы, Сабақ.кз және тағы да басқа ресурстар қазақстандық ресурстар, онымен қатар халықаралық ресурстар ГуглКлассРум және Зум. Олардың барлығы да тегін деңгейде қолжетімді. Барлық педагогтар осы интернет-ресурстарды пайдалана алады. Мұғалімдердің жалақысы қысқарылмайды осы оқу жоспарына байланысты. Бекітілген өзінің тарификациялық тізімі бар әр мектепте жалақыға байланысты. Осы жалақы толығымен төленеді.

Хабар 24 телеарнасы