425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшадан ұшып келген 59 қазақстандық студенттен коронавирус анықталған жоқ

  • 430
  • UPD: 10:55, 27.03.2020
Польшадан ұшып келген 59 қазақстандық студенттен коронавирус анықталған жоқ

Польшадан ұшып келген 59 қазақстандық студенттен коронавирус белгілері анықталған жоқ.

Олардың 27-сі Атырау, 19-ы Батыс Қазақстан, қалғандары Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының түлектері. Студенттер өзге жолаушылармен бірге Қарағанды қаласына жеткізілген еді. Сол жерде жұқпалы індетке қарсы сынамалар алынып, мұқият тексерілді. Енді міне жастар үйлеріне оралды.  

Роллан Құспан, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Студенттердің барлығы Қарағанды қаласында арнайы «КОВИД-19» вирусын анықтауға анализ тапсырды. Бүгінгі таңда анализ нәтижесі бойынша барлығы дін аман. Дендері сау, барлығының қолдарында қағаздары бар. Олар үйлерінде карантинде болатын болады.

Хабар 24 телеарнасы