427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шалғайдағы мектеп оқушылары қашықтан қалай оқытылады

  • 537
  • UPD: 12:55, 31.03.2020
Шалғайдағы мектеп оқушылары қашықтан қалай оқытылады

Қазақстанда шалғайда орналасқан елді мекендердегі мектеп оқушылары радио және пошта арқылы қашықтан оқытылады.

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте айтып берді.

Елімізде мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға байланысты 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. 

«Оның бірінші бағыты – теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру. Республикалық 2 телеарна өзінің келісімін беріп, бұл жұмысты бастап кеттік. Бұл – Balapan және Elarna телеарнасы. Осы арналар арқылы сабақтарды күнде-күнде тиісті график бойынша беріп отырамыз», - деді министр.

Келесі бағыт – радио арқылы сабақтар өткізу. Теледидар бойынша да сигнал жетпейтін елді мекендердегі оқушылар үшін «Қазақ радиосынан» да күнделікті сабақтар жүргізілетінін айтып өтті.

Үшінші бағыт – пошта арқылы қашықтан оқыту.

«Бізде өте кішкентай 1200 елді мекен бар. Ондай елді мекендерде 3-5 оқушы балалар болады. Оларды біз бұған дейін күнде басқа ауылдардағы мектептерге тиісті көліктермен алып келіп, үйлеріне жеткізіп отыратынбыз. Енді бұл балаларға білімді тоқтатпай беруіміз керек. Сондықтан пошта арқылы да осы жұмысты ары қарай жүргізіеміз», - деді А.Аймағамбетов.

Төртінші бағыт – интернет желісі арқылы оқыту. Бірнеше интернет платформалар дайын тұрғанын айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы