411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде шамамен 300 мың оқушының компьютері жоқ

  • 557
  • UPD: 14:18, 31.03.2020
Елімізде шамамен 300 мың оқушының компьютері жоқ ortalyq.kz

Ел бойынша шамамен 300 мың оқушының үйінде компьютері жоқ.

Бұл туралы бүгін арнайы брифинг кезінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Тапшылықты шешу мақсатында шұғыл шаралар қолға алынып жатыр. Дербес құрылғысы жоқ отбасыларға уақытша пайдалануға мектеп компьютерлері беріледі. Компьютерлер жетіспей жатса, планшеттер ұсынылады. Бүгінгі таңда елорда мен Алматы қаласында осы шаралар қарқын алды. Мәселен, Алматыда 10 мыңнан астам цифрлық құрылғы таратылды. Электроника дүкендерінен қосымша сатып алу жұмыстары да жүргізілуде. Әзірше 80 мыңға жуық компьютер сатып алынады деп жоспарланып отыр.

Ал шалғай аудандардағы шағын жинақталған мектептерде карантин тәртібі күшейтілмеген жағдайда, сабақ бұрынғыша жалғаса беруі мүмкін. Мектептер 2 ауысымға көшіріліп, сабақ беру уақыты 30 минутқа дейін қысқартылады. Мұғалімдердің жалақысы мен студенттердің стипендиясы сақталады.

Хабар 24 телеарнасы