414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да қашықтан оқыту бірнеше форматта жүргізіліп жатыр

  • 199
  • UPD: 17:49, 06.04.2020
БҚО-да қашықтан оқыту бірнеше форматта жүргізіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысының ұстаздары да қашықтан оқытуды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта 108 мыңдай шәкірт білім алып жатыр. Оқушылар үшін қашықтан оқыту бірнеше форматта жүргізіледі. Телесабақтардан кейін мұғалім оқушылармен түсіндірілген жаңа тақырыптар бойынша кері байланыс орнатады. «Bilіm MediaGroup», «Күнделік», «Мектеп онлайн», «Дарын онлайн» секілді интернет платформалары да мұғалімдер мен оқушыларға тегін қызметтерін ұсынып отыр. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілер мүмкіндігі де толық пайдаланылып жатыр.

Аягөз Хамзина, облыстық мектеп-интернат кешенінің директоры:

– 195 оқушымыз интернат оқушылары, яғни ауылдан келіп отыр. Біздің облысымыздың барлық алыс-жақын ауылдарынан да оқушыларымыз бар. Олардың барлығымен де қазір байланыс жасадық. Кімде компьютер, интернет бар, кімде байланыс кімде «Ел арна» бар. Барлық қолжетімді мүмкіндіктерді анықтап алдық. Осы бойынша барлығын да қамтамасыз етіп отырмыз.

Римма Серікқалиева, химия пәнінің мұғалімі:

– Бұл жерде ата-аналарының үлесі көп болуы керек, көмек болуы керек. Бастауыш сынып оқушыларына қиындықтар болатыны сөзсіз. Енді жоғары сынып оқушылары ақпараттық технологияларды 100 пайыздық деңгейде меңгерен деп айтсақ болады, тіпті мұғалімдерден де жоғары деңгейде. Сол себепті оларға көп қиындық келтірмеуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы