412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үй жұмысын бір сағаттың ішінде орындау міндетті емес - БҒМ

  • 215
  • UPD: 18:51, 06.04.2020
Үй жұмысын бір сағаттың ішінде орындау міндетті емес - БҒМ

Қашықтан оқыту кезінде үйге берілген тапсырмаларды бір сағат ішінде орындап шығу міндетті емес.

Біз қазір қашықтан оқытып жатқан материалдар бойынша үй жұмысын сол берілген сәттен кейін бірден орындап тапсыруды талап етіп отырған жоқпыз. Тапсырманы мұқият қарап шығып, орындап, үлгіргенше жіберуге болады.

Еліміздің бас педагогы Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте осылай деді.

Осыған дейін әлеуметтік желіде мұғалімдердің үй жұмысы берілгеннен кейін 1 сағат ішінде тапсыруды талап еткені талқыға салынған еді.

Хабар 24 телеарнасы