405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Онлайн оқу ата-аналар мен балаларға қалай әсер етті?

  • 367
  • UPD: 08:54, 09.04.2020

Қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанды қашықтан оқи бастады.

Карантинге байланысты сабақтар телеарналарынан беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн оқу ата-аналар мен балаларға қалай әсер етті? Ел мұғалімнің қадірін түсінді ме?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Иә, қазір ананың көңілі балада, ал баланың көңілі теледидарда. Төртінші тоқсаннан сабақтар «Балапан» мен «Ел арна» телеарналарынан беріле бастады. Кейбір пәндер тікелей байланыс арқылы өтеді.

Бұл – петропавлдық егіз Архат пен Ерхат. 5-сынып оқушылары осылай онлайн түрде тақырып тыңдап, сабақ айтады. Бірақ балалар алтын ұя мектебін сағынған.

Архат Серікбай, облыстық дарынды балаларға арналған гимназия-интернат оқушысы:

- Жалпы маған ұнайды. Бірақ мен мектепті сағындым. Сыныпты да, мұғалімдерді де сағындым.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Нұрисламның мына бір жазбасы қазақтандықтардың жүрегін елжіретті. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің демекші, мұғалімнің ерен еңбегі енді еленді», - дейді Ұлсара Мусина. Ол да күнде теледидарға телміріп, немерелерімен бірге сабақ қарап, үй тапсырмасын тиянақтайды.

Ұлсара Мусина, қала тұрғыны:

- Әрине, қазіргі жағдайда мұғалімдердің қадірін көп түсініп жатыр. Бір үйден бірнеше бала бар. 5-6 балаға дейін баратын бар, мына теледидардан көріп отырмыз. Көздері жетті, әрине, мұғалімнің жұмысы қиын екеніне. Мектепке таңертең қоя беріп, соны түстен кейін бірақ қабылдап отырған адамдармыз ғой. Қазір, әрине, қиын болып жатыр.

Әлеуметтік желіде ата-аналар алғыс айтып, ағынан жарылып жатыр. Мектепке баратын күнді оқушылар да күтіп жүр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы