418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚазҰУ-дың журналистика факультеті EJTA ұйымына мүше болды

  • 271
  • UPD: 16:52, 05.05.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті Еуропалық журналистика қауымдастығына (EJTA) мүшелікке қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Беделді халықаралық ұйымға мүшелік ресми түрде 1 мамырдан басталады. 1990 жылы Брюссельде құрылған бұл қауымдастық, Еуропаның 30 елінің 70-ке жуық журналистік орталықтары мен университеттерінің басын қосқан. Ұйым негізінен балон үдерісіне енген университеттердегі журналистика бойынша білім беру, медиа саласындағы мәселелерді зерттеумен айналысады. Ұйым өкілдері факультеттің білім беру бағдарламаларын зерттеп, қашықтан дауыс беру арқылы шешім шығарған. Әлемдегі жағдай тұрақталған соң халықаралық қауымдастық өкілдері университетке ресми сапармен келеді. Енді Қазақстандағы іргелі оқу орнының ұстаздары еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасып, студенттер тиімді мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

Гүлмира Сұлтанбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, баспасөз және электронды бақ кафедрасының меңгерушісі:

- Ең алдымен студенттерге берер пайдасы осында ассоциацияға мүше 30 мемлекеттің 70-ке жуық университеттерінің білім бағдарламаларын таңдай отырып, белгілі бір жеңілдіктермен, басымдықтармен алмасу бағдарламасына және қос дипломды бағдарламаларға қол жеткізе алады. Ең бастысы – бұл біздің Еуропа елдерінің білім беру, журналистика саласындағы білім беру нарығына жақындау және біздің де тәжірибемізбен бөлісуге өздері дайын екендігін хатпен мәлімдеді.

Қазақстан World of Journalism Study картасына енеді

Хабар 24 телеарнасы