423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік ұстаздар қашықтан оқытудың тың тәсілін ойлап тапты

  • 459
Семейлік ұстаздар қашықтан оқытудың тың тәсілін ойлап тапты

Семейдегі электротехникалық колледж ұстаздары қашықтан оқытудың тың тәсілін тауып, әріптестерімен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ғаламтордағы бағдарламаларды зерттеп, зерделеп, оны өздеріне ыңғайлап, қайта жасаған. Бұл әдісті олар бейнебаян ретінде әлеуметтік желілерге салып, жетілдіріп отырады. Яғни, ұстаздарға да, студенттерге де жеңіл болу жағын ойластырған. Мәселен, сабаққа қанша оқушы қатысып отыр, қаншасы тапсырманы орындады, бәрі анық көрініп тұрады. Қазірдің өзінде бұл жобаны өңірдегі 40-тан астам колледж бен 3 мыңнан астам оқытушы меңгеріп үлгеріпті.

Данияр Смаилов, колледж директорының орынбасары:

- Біздің ұсынған өнімдерімізді облыс қана емес, республиканың көптеген оқу орындары мен ұстаздары көріп, қызығушылық білдіріп отыр. Өйткені біз оқытушыға да, студентке де ыңғайлы болу жағын қарастырдық. Яғни, әрбір тапсырманың берілуі және орындалуы оңай бақыланады.

Хабар 24 телеарнасы