426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық мұғалімдер қашықтан оқыту оқушыларға оң әсер етіп жатқанын айтты

  • 509
  • UPD: 09:41, 16.04.2020

Қашықтан оқу балалардың өзіне деген сенімділігін арттырады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Он күн онлайн оқудан кейін елордалық мұғалімдер осындай тұжырымға келді.

Ұстаздардың айтуынша, бұрын сабаққа қатыспайтын оқушылар қазір белсенді бола бастаған. Жалпы, бас шаһарда 178 мыңға жуық оқушы қашықтан білім алып жатыр.

«Қашықтан оқытуға көшкенде қорқыныш болғаны рас», – дейді биология пәнінің мұғалімі Марика Курманбаева. Бірақ бірнеше бағдарламаны меңгеріп, аз-кем дайындықтан кейін бұл әдіске де үйренген. Тек кейде желінің жүктемені көтермейтіні болмаса, онлайн оқудың өз артықшылықтары бар.

Марика Курманбаева, №58 мектеп- гимназиясының биология пәнінің мұғалімі:

– Менің көргенім, балалар өздеріне сенімді бола алады екен. Бұрын сабаққа қатыспай жатқан балалар қазір керісінше, бенсенді қатысып жатыр. Мұғалім ретінде бұл мені қуантады.

Онлайн оқуға дайындық барысында салаға арнайы мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде елордада компьютері жоқ және үйі интернетке қосылмаған оқушылар тізімі анықталды. Осы орайда қалалық білім басқармасы бұл отбасыларды қажетті техникамен қамтамасыз етуге кіріскен.

Асыл Аманкельдиев, қалалық білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімі басшысы:

– Бүгінгі таңда 2 мыңға жуық отбасы компьютермен қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар, 5 мыңға жуық флеш карта таратылды. 618 мұғалім компьютермен қамтылды. 441 мұғалімге флеш карта таратылды.

Ал демалыста ауыл аймақтарға барып, қалаға кіре алмай қалған 400-ге жуық оқушы қазір сол елді мекендерде білім алып жатыр.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы