429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл 9 және 11 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырмайды

  • 663
  • UPD: 16:29, 17.04.2020
Биыл 9 және 11 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырмайды

Биыл 9 және 11 сынып оқушылары қорытынды емтихан мен мемлекеттік емтихан тапсырмайды.

Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Биыл қорытынды аттестаттау жүргізілмейді. Барлық мектептерде оқушылар оқу тоқсанының ортасында бір бөлім бойынша жиынтық бағалау, ал тоқсанның соңында тоқсандық жиынтық бағалау тапсырады. Барлық пәндер бойынша жылдық қорытындылар негізінде аттестаттар тапсырылады», - деді вице-министр.

Айта кетсек, бұған дейін оқушылар 9 сыныпта 4 пәннен, 11 сыныпта 5 пәннен емтихан тапсыратын.

Хабар 24 телеарнасы