426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы колледж түлектері диплом жұмысын онлайн режимде қорғайды

  • 361
  • UPD: 18:58, 04.05.2020
Елордадағы колледж түлектері диплом жұмысын онлайн режимде қорғайды

Осы жылы Нұр-Сұлтандағы колледж түлектері диплом жұмысын онлайн режимде қорғайтын болды.

Бұл жайлы толығырақ Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленген білім беру ұйымының оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады», - деді Шолпан Қадырова баспасөз мәслихатында.

Айтуынша емтихан сұрақтарын білім беру ұйымы алдын ала әзірлеп, жалпыға қол жетімді болу үшін қашықтықтан оқыту порталында орналастырылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау білім беру ұйымы әзірлеген кестеге сәйкес мерзімде өткізіледі.

«Мемлекеттік емтиханды қабылдау және білім алушылардың дипломдық жұмысын (жобасын) қорғау онлайн-прокторинг технологиясын қолдана отырып, онлайн режимде қарастырылады. Олар білім алушыны верификациялауға, экранды және ондағы білім алушынының іс-әрекетін қадағалауға, сондай-ақ барлық емтиханды бейне жазбаға жазуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы