412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 7 мыңнан аса оқушы курьердің көмегімен оқып жатыр

  • 177
  • UPD: 23:50, 04.05.2020

Алматы облысында 7 мыңнан аса оқушы интернеттің нашарлығынан курьердің көмегімен оқып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, волонтерлер қағазға жазылған тапсырмаларды ұстаздардан балаларға апарып, орындалған соң қайтадан кері әкеледі. Ақсу ауданы Көкжайдақ ауылындағы оқушылардың біразы осындай жүйемен білім алуда.

Ақсу ауданы Көкжайдақ аулының тұрғыны Ардақ Әділханованың 6 баласы бар. Соның бесеуі мектепте оқиды. Көп балалы ананың жарты күні ұл -ыздарына сабақ берумен өтеді екен. Интернет байланысының нашарлығы мен телефонның жетпеуі себебінен ол курьердің көмегіне жүгініпті.

Ардақ Әділханова, Көкжайдақ ауылының тұрғыны:

- Таңертең сабақ 08:00-де басталады. Түсте әйтеуір сабақтары басталады. Интернет тартпағанына байланысты сабақты 4-5-те бітіреміз. Интернет жақсы тартса, ертерек бітіру керек еді. Қағаз жүзінде келеді де, сабақтары уақытты көп алады. Кішкене ғана тартады да, интернет ұстамай қалады. Сеть ұстаймыз, әр жерден жүріп, сеть қуып жүреміз.

Ата-аналар мен ұстаздардың арасында алтын көпір болып жүргендердің бірі – Маржан Нұрасылова. Волонтер күн сайын бес отбасын аралап, тапсырмаларын табыстайды.

Маржан нұрасылова, волонтер:

- Еріктілер тобында 7 адам бармыз. Таңғы сағат 08:00-де мұғалімдердің үйінен тапсырмаларды алып, әрқайсымыз 5-6 балаға тапсырма апарып береміз. Баламенен ешқандай сөйлеспейміз. Ата-анаға звондап, қақпаның алдынан беріп, қақпаның алдынан қайтамыз. Бала орындайды одан кейін кешкі сағат 18:00-де ата-анадан қайтадан аламыз. Мұғалімге апарып береміз. Мұғалім кері байланыс жасайды.

Көкжайдақ ауылындағы мектепте 143 оқушы оқиды. Олардың отызы волонтерлардың көмегімен білім алып жатыр. Ауданда интернет байланысы нашар осындай екі ауыл бар.

Алтынбек Тұйғынбеков, Абай атындағы орта мектеп директоры:

- Ауылдың кей жерлерінде әр жерде әртүрлі ұстайды. Енді қазіргі жағдайда береке-бірліктің арқасында бұл жағдайдан шығып жатырмыз. Өйткені сол мақсатта арнайы курьерлер жұмыс істеп жатыр. Курьерлер – өзіміздің мектептің мұғалімдері. Барлығы сабақ кестесіне заң аясында жүріп жатыр.

Ақсу ауданында оқушылардың интернетке қолжетімділігі 30% болса, жалпы облыстық көрсеткіш 50%. Қалғандары телеарналар мен курьердің көмегімен оқиды. Өңірде арнайы санатқа жататын ерекше күтімдегі балалар да бар.

Жаңыл Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде аурушаң бала бар. Оларға компьютерға жақындауға болмайды. 168 бүгінгі күнге. Ол балалармен біз пошта арқылы, содан кейін мектептерден курьерлер шығып, сол кісілер жұмыс істеп жатыр. скл бұл мәселені біз қадағалап отырмыз.

Еліміздегі мектептердің қашықтан оқу жүйесіне көшкеніне бір айға жуықтады. Осы уақыт аралығында көпшіліктің ұстаздар қауымына  деген құрметі артып, бала оқытудың оңай еместігіне көз жеткізгендей әсер қалдырады. Оқушылардың да алтын ұяларын сағынғаны сезіліп ақ тұр.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы