410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер тәжірибе алмасу үшін Қытайға барады

  • 165
  • UPD: 17:09, 13.05.2020
Дәрігерлер тәжірибе алмасу үшін Қытайға барады

Қазақстан дәрігерлері тәжірибе алмасу үшін Қытайға барады. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау министрінің ҚХР Елшісімен соңғы кездесуі барысында Қытай Денсаулық сақтау министрінің ұсынысымен Қазақстан мамандарын сол елде тәжірибе алмасуға жіберу мәселесі көтерілді. Осы бағытта бағдарлама мен баратын мамандар тізбесін жасап жатырмыз», - деді Сержан Айдосов «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» бағдарламасы барысында.

Айтуынша, Қытайға тәжірибе алмасуға баратын медицина мамандарына жұмсалатын шығынды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті мекемелер төлейді.

«Бұған қоса еліміздің Сыртқы істер министрлігінің де үлкен көмегі болады. Олар бізге қолдау көрсетіп отыр. Жалпы мамандарымыздың қашан баратыны туралы нақты жоспар жоқ. Бірақ 2-3 аптаның ішінде анықталады. Олар Бейжің қаласына барады деп жоспарланған»,- деді ол.

Хабар 24 телеарнасы