425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда оқушылар мектепке онлайн қабылданады

  • 387
Атырауда оқушылар мектепке онлайн қабылданады

Атырауда жаңа оқу жылынан бастап мектептерде оқушы қабылдау онлайн жүйесіне көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ата-аналар балаларын үйде отырып, білім ордасына тіркете алады. Жалпы, облыстық білім саласы қазір 25 мемлекеттік қызмет түрін ұсынып отыр. Олардың барлығы электронды форматта жүргізіледі. Соның ішінде биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерді тіркеу де бар. Бұл бүгінгі карантин тәртібіндегі қала тұрғындары үшін тиімді. Электрон жүйе арқылы мектеп ауыстыратын оқушылар да қашықтан өтініш бере алады. Өтініштер 1 маусымға дейін қабылданады.

Ақмарал Ермекова, қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Ол үшін балалардың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері  atyrau.school.gov.kz сайты арқылы өздерінің өтініштерін онлайн түрінде таңдаған мектептеріне тапсырады. Сонан кейін «келісім» келгеннен кейін қабылданғаны туралы сол мектептің әкімшілігне барып, құжаттарының түпнұсқасын тапсырады.

Хабар 24 телеарнасы