411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 371 түлек «Алтын белгіден» үмітті

  • 150
  • UPD: 08:06, 17.05.2020
БҚО-да 371 түлек «Алтын белгіден» үмітті

Батыс Қазақстан облысында биыл 4 мың 428 түлек ҰБТ қатысуға өтініш берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде 3 мың 767 түлектен онлайн өтініш түссе, 641-і дәстүрлі тәсілмен тапсырыпты. Бұл осы жылдың басты ерекшелігі дейді мамандар. Ал жалпы ҰБТ өткізу форматы бойынша ешқандай өзгеріс жоқ.  Өңірде тестілеу өтетін орындар дайын. 14 аудитория бейне жазу камераларымен, металл іздейтін және ұялы байланысты бұғаттау құралдарымен қамтылған.  Карантинге байланысты арақашықтық сақтауы үшін әр кезеңде тестілеуге кіретін талапкерлер саны 40-50 адамға дейін қысқарады.

Шыңғыс Ақшиев,   М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанындағы ҰБТ филиалынның сарапшысы:

– Мемлекеттік комиссия және сыбайлас жемқорлық агенттігінің қызметкерлері мониторингтік бақылау жүргізеді. Талап күшейіп жатыр, сондықтан оқушыларға жадынамалар берілді, мектептерге жіберіліп жатыр.

Мейрамгүл Жұмағұлова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

– Қорытынды аттестаттауды биыл тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі. 2020 жылғы мектеп бітірушілер саны облыс бойынша 5142, соның ішінде қазіргі таңда «Алтын белгі» белгісіне үміткер саны.

Хабар 24 телеарнасы